• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қыркүйек, 2013

Бішкекте ТМД елдері Бас прокурорларының кеңесі өтті

225 рет
көрсетілді

Бүгін, 26 қыркүйек күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Оған Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев қатысты. Бұл туралы Қазақстан Бас порокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс жұмысына сондай-ақ Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Украина жоғары қадағалау органдарының басшылары, сонымен қатар ТМД Парламентаралық ассамблеясының және Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Форумда прокурорлардың қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күрестегі өзара ынтымақтасуының өзекті қырлары, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымына, адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық статистика жүйесіндегі инновациялық жобаларды таныстырды.

Соңғы жаңалықтар