PepsiCo компаниясы Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Ресейде, Беларуссияда, Украинада және Кавказда COVID-19-мен күресу үшін шамамен 5 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасайды.
Компания PepsiCo қоры беретін қаражат медициналық қызмет саласы мен әлсіз топтарды қолдауға жұмсалатын болады. PepsiCo компаниясының Беларусь, Украина, Кавказ және Орталық Азия президенті Нейл Старрок COVID-19-мен күреске қолдау білдіре отырып, аймақтағы ең ірі тамақ және сусын өндірушілерінің бірі ретінде компания қызметкерлердің қауіпсіз жұмысын және азық-түлік дүкендерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ете отырып, қайырымдылық бастамаларға да атсалысатындығын атап өтті.
Компания ауруханалар мен медициналық персонал үшін медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға қаржылық көмек көрсетеді. Сонымен қатар дәрігерлер мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина және Кавказдағы оқшауланған адамдарға компания өнімдері мен азық-түлік таратады.
Қазақстанда бөлінген қаражат (45 млн теңгеден астам) медициналық мекемелерді қолдауға, атап айтқанда, медициналық персоналды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге және олар үшін азық-түлік пакеттерін беруге жұмсалады. Сонымен қатар, өзін-өзі оқшаулау жағдайындағы мұқтаж жандарға азық-түлік пакеттері беріледі. Қазақстандағы бұл көмекті PepsiCo және Қазақстан Қызыл Жарты айымен бірлесіп көрсетеді.