• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2020

Атырау: Бүгін 17 адам індеттен айықты

159 рет
көрсетілді

Атырауда  17 адам қауіпті індеттен айығып, үйіне оралды. Осылайша, коронавирустан жазылған пациенттердің саны  147-ге жетті.  

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауына қарағанда, бүгін қауіпті індеттің шырмауынан шыққан 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істеген жұмысшылар.

Сондай-ақ Атырау қаласындағы №4 емхананың  57 жастағы медбикесі де коронавирустан жазылды.

«Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тестінің қорытындысы теріс нәтижені көрсетті. Бүгін бұл пациенттер инфекциялық стационардан шығарылды» - деп хабарлады өңірлік жедел  штаб.