• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2020

Атырау: Індет жұқтырған үшінші әйел босанды

240 рет
көрсетілді

Жүктіліктің 40-шы аптасында коронавирус індетін жұқтырып, №2 облыстық инфекциялық ауруханасына түскен 28 жастағы жүкті әйел  босанды. Ол аурухананың инфекциялық стационарына  жүктіліктің 40-аптасында  түсіпті.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған  мәліметке сүйенсек, аурухананың дәрігер-инфекционист мамандары бір апта бойы жүкті әйелді  назардан тыс қалдырмай, саулығын бақылады. Жүктіліктің 41-ші аптасында облыстық перинаталдық орталықтан  тәжірибелі гинеколог, дәрігер-неонатолог және акушерлік топ құрамы шақырылды.  

Ал, жаңа туған нәрестенің салмағы – 3,5  келі, бойы – 55 см. Дәрігерлер сәбиден коронавирусқа қарсы талдау алып, анасына оқшаулады.  Сәбидің анализ қорытындысы ертең белгілі болмақ.

–Баланың жағдайы жақсы. Оны  инфекциялық стационардың арнайы әзірленген  таза палатасына орналастырдық. Сәбидің денсаулығын медициналық қызметкерлер үздіксіз қадағалайды. Қауіпті індетті жұқтырғанмен, аман-есен жеңілденген келіншек  инфекциялық стационарда емін жалғастыра береді. Ол қауіпті індеттен айыққан соң ғана  ұлымен бірге болады, - дейді №2 облыстық аурухананың директоры Махжан Сиджанов.