«Қазақтелеком» компаниясының басшысы Қуанышбек Есекеевтің отандық карантин кезінде ZOOM платформасында туындаған қиындықтарға түсініктеме берді.
– Бұл жерде мәселе интернет сапасына келіп тірелгені дұрыс емес. Бұл онлайн оқыту жүйесін ұйымдастыруға тырысқан нақты платформаның мүмкіндіктерінің шектеулі болғанына байланысты туындады.
Ол ресурс о баста білім беруге арналмаған, және бір мезетте бірнеше миллион қолданушы қосылғанда әрине түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды. Сондықтан бір сервистің жұмысын ала отырып, оны бүкіл қазақстанның интернет сапасына теліп қойсақ, бұл үлкен қате болар еді. Интернет жылдамдығы жағынан көш бастап тұрған Сингапурдың өзі бұл платформаның байланыс жүйесінің тұрақсыздығынан бас тартты, - деді Қ.Есекеев.