• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Мамыр, 2020

Өзбекстанда карантин маусымның біріне дейін ұзартылды

189 рет
көрсетілді

Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізген карантин мерзімін тағы 15 күнге ұзартты. Дегенмен елде бірқатар шектеу шаралары алынған. Бұл туралы Uz.news агенттігі хабарлады.

«Өзбекстандағы карантин режимі маусымның біріне дейін ұзартылды. Арнайы республикалық комиссия осындай шешім қабылдады. Дегенмен карантин тәртібі жеңілдетіліп жатыр. Алдағы дүйсенбіден бастап ел ішінде әуе және теміржол қатынасы қалпына келеді. Атап айтқанда, Ташкенттен Нүкіс, Үргеніш пен Термез қалаларына әуе рейстері ашылады.

Сондай-ақ ел астанасынан Навои, Бұхара, Қаршы мен Ферғана аңғарына пойыздар жүре бастайды. Жергілікті билік жеке көлікпен жүруге де рұқсат берді» делінген хабарламада.