• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Мамыр, 2020

Катарда маска тақпаған адамға 50 мың доллар айыппұл салынады

108 рет
көрсетілді

Парсы шығанағында орналасан Катар Республикасы бүгінгі жексенбіден бастап, көпшілік орындарда маска тағып жүруді ел тұрғындарына міндеттейтін заң қабылдады.

Бұл міндетті орындамаған адамға 200 000 риал ($53 000) айыппұл салынатыны жайлы Катар елінің ішкі істер министрлігі екі күннің алдында жария етті.

Егер жоғарыдағы айыппұлды өтейтін мүмкіндігі жоқ тұлға үш жыл уақытын жеңілдетілген түрме де өткізетін болады. Айыптыға заңда көрсетілген екі айып қатар тағылмайды.Тәртіп бұзушы жағдайына қарай екі айыптың бірін таңдауға құқылы, деп көрсетілген екен аталмыш заңда.

Дейтұрғанмен, ел азаматтары жалғыз өзі жеңілкөлік жүргізіп келе жатқан жағдайда,  маска тақпауға құқы бар.