«Шоқан оқулары» – дәстүрлі жыл сайын өткізілетін шаралардың бірі. Биыл 24 - ші рет ұйымдастырып отыр. Виртуалды кездесуге Венгрия, Монғолоия және Ресейдің көрнекті ғалымдары қатысты.
Қазақ халқының ағартушы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановтың саналы ғұмырында жүріп өткен сара жолы мен қалдырған мол мұралары бүгінгі конференция қатысушылары тақырыбының өзегіне айналды. Олар ағартушы ғалым Шоқан Уәлихановтың тарих ғылымына қосқан үлесін саралап, еңбектерін кеңінен насихаттау мәселесін талқылады.
– Шоқан Уәлихановтың өмірінің әр кезеңі ескерусіз қалмуы керк. Ғалымның ғұмыры қамшының сабындай қысқа болды. Небәрі 29 жасында дүниеден озды. Әйткенмен артына мол мұра қалдырды,–дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуев.
Алқалы жиынға шет ел ғалымдары мен университет профессорлары белсенді қатысты. 337 ғылыми мақала ұсынылып, 4 томдық электронды форматтағы жинақ жарияланған.