ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: олардың 1-уі Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-уі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.