• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2020

Қазақстандық ғалымдар вакцинаны сынақтан өткізуді бастады

209 рет
көрсетілді

Қазақстандық ғалымдар COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізуді бастады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алды және клиникаға дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат берілген кандидаттық вакциналардың тізіміне қосып, өз сайтында жариялады.Инактивтендірілген вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі.Вакцина Қазақстан аумағында ауырған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды.