• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2020

Қостанай облысын: Жұмыспен қамту шеңберінде 99 жоба іске асады

184 рет
көрсетілді

Аталмыш бағдарлама бойынша аймақта биыл барлығы 275 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенованың айтуынша, бүгінге дейін 263 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Оның 210-ына келісімшарт жасалыпты. Аймақта қазірдің өзінде  99 жоба жүзеге асырыла бастады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» ең алдымен жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге бағытталғанын ескерсек, маңызды мәселелердің бірі жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Облыста жұмыс орындарын құру мониторингі «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады» - деді Гүлнар Әбенова.

Бүгінге дейін аймақта 1049 жаңа жұмыс орны ашылып, оған жұмыспен қамту орталықтары бойынша 576 адам жұмысқа орналастырылған. Жалпы бағдарлама аясында 13,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Іске асырылып жатқан жобалар аясында 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазір аймақта 4 мың жұмыссыз тіркеуде тұр. Дегенмен жұмысқа үміткерлерді іріктеу кезінде колледж түлектеріне басымдық беру қажет» - деді басқарма басшысы.

Биыл облыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 6,7 мың шәкірт бітіріп шығады.

Жиын барысында әлеуметтік қорғау саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы сөз болды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бұл салада жалпы сомасы 266 млн теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 75 жұмыс орны ашылып, 37 адам жұмысқа орналасады.

 

Қостанай облысы