Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, Теңіз кенішінде жұмыс істеген 84 жұмысшының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
«Тағы екі науқас – 1986, 1997 жылғы әйелдер. Олар провизорлық стационарға жұмыс бабымен жіберілген облыстық аурухананың санитары мен лаборанты» - деп хабарлады жедел штабтан.
Бүгін, 18 мамырда Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 627 адам тіркелді. Ал, 165 адам қауіпті індетті жеңіп шықты.