Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, бүгін Атырауда қауіпті індеттен айыққан пациенттердің саны 171 адамға жетті.
–Теңіз кенішінің 23, 24, 26, 29 және 61 жастағы 5 жұмысшысы коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Ал, алтыншы пациент –Махамбет ауданында тұратын 8 жастағы қыз. Қазір олар өздерін жақсы сезінеді. Олардан алынған бақылау тестті теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады өңірлік жедел штаб.