• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Жітіқарада түзеу мекемесінің 19 қызметкерінен індет анықталды

124 рет
көрсетілді

18 мамыр күні Жітіқарадағы УК-161/3 түзеу мекемесінде жұмыс істейтін 11 ер адамнан және 8 әйелден СOVID-19 вирусы анықталған.  

«Науқастар 21 жастан 54 жасқа дейінгі адамдар. Олар бұған дейін індет жұқтырған адамдармен байланыста болған. Бірақ ешқайсысы қала аумағына шықпаған. Қазір науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу алып жатыр», - деп хабарлады өңірлік жедел ақпарат штабы. 

Бүгінге дейінгі мәлімет бойынша Қостанай облысында СOVID-19 вирусын жұқтырған 98 адам тіркелді. 47 науқас індетінен айығып, ауруханадан шығарылды.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар