• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2020

Алтай Көлгінов аудан әкімдері мен экологиялық полицейлерге ескерту жасады

136 рет
көрсетілді

Құрылыс компанияларына елорданың шеткі аумақтарына заңсыз қоқыс шығарғандарға айыппұл салынады. Қала әкімі Алтай Көлгінов тиісті жұмысты істемеген аудан әкімдері мен экологиялық полицейлерге ескерту жасады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Нақты орындарды белгілеп, барлығына құрылыс қалдықтарын қайда шығару керегін түсіндіру қажет. Аудан әкімдері экологиялық полициямен бірлесіп, өз аумақтарыңызды аралап, аудандарыңызды қадағалаңыздар! Тәртіпсіз азаматтар құрылыс қоқыстарын рұқсат етілмеген жерге жинауда. Құрылыс компанияларын ол үшін жазаға тарту керек», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Осылайша экологиялық полиция мен аудан әкімдеріне бақылауды күшейтіп, құрылыс қоқыстарын заңсыз төгуге жол бермеу туралы тапсырма берілді.