• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Марқакөлдің қара ләйлегі

1225 рет
көрсетілді

Қара ләйлек Қызыл Кітапқа енген құстардың бірі.

 Жақында Марқакөл мемлекеттік қорығының қызметкері Маржан Оқанқызы қара ләйлекті суретке түсіріп алыпты.

Қазір көп жерде қара дегелек деп жазылып жүргенімен бұрынғы қазақ қара ләйлек деп атағаны белгілі.

Қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Мағауин «Қара ләйлек» деген әңгімесінде өзінің туған мекені бұрынғы Шұбартау ауданындағы Бақанас өзені маңынан кездескен қара ләйлек жайында айта келіп: «Мамандардың зерттеуінде жиырма-жиырма екі жас деп айтады. Ол – зоопарктегі, арнайы қорықтағы бақылау көрсеткіші. Еркін дүниеде кемі жиырма бес, тіпті толық отыз жасаса ғажап емес. Әрине, табиғи мүмкіндік мөлшері. Анау-мынау қазадан тыс болса» деп осы құстың жасы туралы жазатыны бар.

Ал Марқакөлде жүрген қара ләйлегіміз Қызыл Кітапқа енген құстардың бірі. Жалпы, Марқакөл қорығы аумағында құстың 261 түрі бар екен. Оның 18-і Қызыл Кітапқа енсе, 10-ы халықаралық деңгейде қорғалатын көрінеді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы