Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
Осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау үшін ұшақтарға қосалқы бөлшектер импорты уақытша қосылған құн салығынан босатылады. Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлейтін төлемнен босатылады.
Одан басқа, авиация саласында техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтер резидент емес үшін қосылған құн салығынан босатылады.