Қиын кезде қайырымдылық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Осы қағиданы ұстанатын «Ембімұнайгаз» АҚ-ның мұнайшылары «Bizbirgemiz» жалпыхалықтық акциясы аясында Мақтааралдағы тұрғындарға көмек беруден тартынып қалған жоқ.
– Мақтааралдық бауырларымызға қолдау көрсету мақсатында атыраулық мұнайшылар жалақы есебінен 4 миллион теңгеге жуық қаражат жинады. Бұл қаражат «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры арқылы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жіберіледі, - дейді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рысты Тасмағамбетова.
АТЫРАУ