• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Мамыр, 2020

Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетін жұқтырған 10 адам тіркелді

250 рет
көрсетілді

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында коронавирус індетін жұқтырған 10 адам тіркелгенін хабарлады.

Белгілі болғандай, коронавирус инфекциясы анықталған 4 адам Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғындары.

Ресей Федерациясымен шекарадағы Сырым автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған.

Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар 5 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандықтан, зертханалық сынама алынған.

Коронавирус инфекциясы анықталған тағы 1 адам Сырым ауданының тұрғыны. Дене қызуының көтерілуіне байланысты аудандық аурухана қызметіне жүгінген. Дәрігер пациентті қабылдап, зертханалық сынама алған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығына да COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

19 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 339 адам тіркелді.