• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2020

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

356 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 20 мамырға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы қаласындағы тау беткейлерінде көшкін жүру қаупі бар. Ақмола облысында жаңбыр-бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде жаңбыр кейде бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі. желдің екпіні секундына 17-22 метр болады. Өңірдегі тауда көшкін-сел қаупі бар.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метр болуы ықмтиал. Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр жетуі мүмкін. Түркістан облысында дауыл соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

- Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, - делінген хабарламада.