• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2020

COVID-19 салдарынан әлемде 60 млн адам ашаршылыққа ұрынуы мүмкін

186 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік банк төрағасы Дэвид Малпасстің: «Коронавирус салдарынан әлем бойынша 60 млн адам ашаршылыққа ұшыруы мүмкін», деген болжамын «РИА Новости» сияқты ірі ақпарат көздері таратуда.

«Біздің пайым бойынша, індет салдарынан әлемде 60 миллион адам ашаршылыққа ұрыну ықтималдығы анықталып отыр. Бұның алдын алуға соңғы үш жыл бойы үздіксіз жүргізіліп келген әлем халықтарын ашаршылықтан құтқару жөніндегі халықаралық бағдарламаның шамасы келетін емес. Десе де банк қолдан келген көмегін жасайтын болады. Ол үшін өркені төмен 100 мемлекетке қаржылай қарыз беруді жоспарлап отыр. Яғни, осы мақсат үшін келесі жылдың алғашқы алты айында 160 триллион доллар қаржы жұмсау көзделуде» дейді банк төрағасы.