• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Атырау: Қауіпті індетті жұқтырғандар саны 800-ге жақындады

213 рет
көрсетілді

Бүгін тағы да 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрі –Теңіз кенішінің жұмысшылары.

–Қауіпті індетке шалдыққандар  инфекциялық стационарға жатқызылды. Олар тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда.  Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды,  деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Өңірлік штабтың мәліметінше, бүгін  Атырауда  қауіпті індетті жұқтырған 792 науқас тіркелді. Оның ішінде  Теңіз кенішіндегі  42 мердігер мекеменің  712 жұмысшысы бар. Кен орнындағы вахталық аумақта қауіптің індеттің 22 ошағы анықталып отыр.