Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова коронавирус індетінің симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетін адамдар саны артқанын айтты.
«Соңғы уақытта коронавирустық инфекция симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетін адамдар саны артты. Мұндай адамдардың саны өткен аптада 40% - ға өсті. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 15 пайыздан 17,5 пайызға дейін өсім байқалады», деді Айжан Есмағамбетова.
Оның айтуынша, коронавирустық инфекция симптомдарымен медициналық көмекке жүгінетіндер Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының тұрғындары.