• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Атыраулық полицейлер 1.5 жастағы баланы іздестіруде

1812 рет
көрсетілді

Бүгін Атырауда 1.5 жастағы бүлдіршін ұшты-күйлі жоғалып кетті. Оның қайда жүргені белгісіз. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Жұлдыз» шағынауданының 10-көшесіндегі тұрғын үйден 20 мамырда түскі сағат 13:30 шамасында шығыпты. Бірақ қай бағытқа кеткені белгісіз

«Баланың есімі – Әли. Үстінде қызылторлы көйлегі, қара түсті қысқа шалбары бар. Оң аяғын сылтып басады. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы баланы іздестіріп жатыр», - деп хабарлады депаратменттің баспасөз қызметі.