Француздың белгілі актері Жерар Депардье соңғы жылдары посткеңестік елдерге, соның ішінде Қазақстанға жиі келіп жүр. Ол тіпті осы уақыттарда республикамызда түсірілген фильмде бас кейіпкерлердің бірінің рөлін сомдап та үлгерді. Енді елімізге жиі келетін мейманымыз қазақ ауыз әдебиеті туралы өз картинасын түсірмекші екен.

Бұл ниетінің қаншалықты дәрежеде жүзеге асатынын алдағы уақыт көрсетер, дегенмен, француз киносы жұлдызының жақында Байқоңырға кезекті ғарыш кемесінің ұшырылғанын көруге келген сапарының соңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа сол туралы айтқан.
«Бұл ой маған тап осы жерде, Қорқыт ата мемориалының жанында келді. Осында тұрғанда, әлдеқандай бір күш-қуаттың бойыма келіп, құйылып жатқанын жақсы сезіндім. Осыдан үш жыл бұрын мен Қазақстан Президентімен Парижде кездескен едім. Сонда мен осындай фильм түсіру жөніндегі идеямның бар екенін айтқанмын. Бұл ойым Мемлекет басшысына қатты ұнады», деген әңгімесінде.
Мұрат АЙТҚОЖА.