• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 21 Мамыр, 2020

Біржан сал ауданында білім ошақтары жөнделуде

293 рет
көрсетілді

Биыл екі  мектептің келбеті жаңаша түрленбек. Соның бірі Казгородок орта  мектебі. Бұл күні білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Қазгородок орта мектебінің іргетасы 1979 жылы қаланған. Содан бері мектеп ішінде кішігірім жөндеу жүргізілгенімен, дәл осындай күрделі жөндеу жұмысы бірінші рет жасалып отыр. Жөндеу жұмыстарына облыстық қазынадан 285 млн теңге қарастырылған. Бұл күні құрылысқа  20-ға жуық адам мен арнайы техника жұмылдырылған.

– Қазіргі уақытта  монтаждау  жұмыстарының жартысы аяқталды. Сондай-ақ ғимараттың сыртын да  қырып, тазартып, әктеп жатырмыз. Ендігі аптадан бастап ішкі әрлеу  жұмыстары басталады. Нысанды 15 тамызда тапсырамыз. Барлығы жоспар бойынша жүзеге асуда, – дейді құрылыс учаскесінің жетекшісі Олжас Қабдоллов.

Білім ошағында 204 шәкірт білім алады. Күрделі жөндеуден кейін мектеп іші жаңа жиһаздармен толықтырылып, компьютерлермен де жабдықталмақ.

– «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында мектепке күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілуде. Кабинеттердің іші кеңейтіліп жатыр. Мектептің алдына да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, – дейді Казгородок орта мектебінің директоры Алма Бекенова.

Казгородок мектебінен бөлек аудандағы Абай ауылындағы білім ордасына осындай күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Алдағы айларда құрылыс жұмыстары басталады.  

 

Ақмола облысы