Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.
21 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 4 996 634, өлім саны - 328 115, айыққандар саны - 1 897 473 адам болды (жаңартылған уақыты 10:15).
17:15
Уханда жабайы аңдарды жеуге, аулауға және заңсыз сатуға тыйым салынды
Коронавирустың эпицентріне айналған Қытайдың Ухан қаласының билігі жабайы аңдарды жеуге, аулауға, заңсыз тасымал мен өсіруге тыйым салды. Сәрсенбі күні үкімет сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес қабылданған шаралар бес жыл мерзімге күшіне енді.
Жабайы аңдар мен олардың өнімдерін, табиғи жағдайда өскен және көбейтілген жануарлардың етін тамақ ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Шаралар сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген жануарларға, сондай-ақ тұтынуға заңмен және нормативтік-құқықтық актілермен тыйым салынған жануарларға да қолданылады.
Енгізілген тыйым базарларға, ғаламтордағы сауда алаңдарына, дүкендер мен басқа да сауда орындарына таратылады. Сондай-ақ бірде-бір ұйым немесе жеке тұлғаның жабайы жануарлар мен олардың өнімдерін жеуге қатысты жарнама орналастыруға құқығы жоқ.
16:30
Африкада вирус жұқтырғандар қатары күн санап көбейіп келеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адамдардың саны 95 мыңнан асқанын хабарлады. Үш мыңға жуық адам қайтыс болған.
ДДҰ ақпараты бойынша, эпидемия басталғаннан бері Африка құрлығында 95 332 адам жұқтырды. COVID-19 анықталған 2 995 пациент қайтыс болды. 34 мыңнан астам адам сауығып кеткен.
Эпиядемия өршіп тұрған аймақтар – ОАР (18003), Мысыр(14229), Алжир (7542), Марокко (7133), Нигерия (6677) және Гана (6096). Ең көп өлім-жітім Мысырда (680), Алжирде (568) және ОАР (339) тіркелді.
10:45
Екінші толқын болуы мүмкін - ДДҰ
Коронавирустық инфекцияның бірінші толқыны аяқталған соң бүкіл әлемде екінші толқыны басталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресей Федерациясындағы өкілі Мелита Вуйнович айтты.
«Бірінші толқын аяқталған аймақтарда екінші толқынның болуы мүмкін екенін ескертеміз. Қауіпті кезеңнің өтпегенін халық түсінуі тиіс. Бұл – өте маңызды», - деді Мелита Вуйнович.
Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерді алып тастауға әлі ерте. Оның айтуынша, карантин тәртібін жеңілдету өлім-жітімнің өсуіне алып келеді. Сарапшы жұқтырған адамды тез анықтап, қарым-қатынас шеңберін анықтап, содан кейін оқшауланған адамдарды емдеу мен бақылаудың маңыздылығын тағы да еске салды.
10:15
Дүниежүзінде 4 996 634 адам коронавирус жұқтырды.
328 115 адам қайтыс болды.
1 897 473 науқас құлан-таза айықты.
АҚШ-та 1 551 853 жағдай тіркелді, 294 312 адам сауығып шықты, 93 439 адам қайтыс болды.
Ресейде 308 705 жағдай тіркелді, 85 392 адам сауығып шықты, 2 972 адам қайтыс болды.
Бразилияда 291 579 жағдай тіркелді, 116 683 адам сауығып шықты, 18 859 адам қайтыс болды.
Ұлыбританияда 249 619 жағдай тіркелді, 1 116 адам сауығып шықты, 35 786 адам қайтыс болды.
Испанияда 232 555 жағдай тіркелді, 156 376 адам сауығып шықты, 27 888 адам қайтыс болды.
Италияда 227 364 жағдай тіркелді, 132 282 адам сауығып шықты, 32 330 адам қайтыс болды.