Өкінішке қарай, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 238 адамға жетті. Осы сәтке дейінгі дерек бойынша індетке шалдыққан 19 науқас жаңадан тіркелген.
Бүгін Талдықорған қаласында 12 адам, Кеген ауданында 4 адам, Талғар ауданында 2 адам, Қарасай ауданында 1 адам оқшауланды. 16 науқас бұған дейін ауырған адаммен байланыста болғандықтан дәрігерлер бақылауында болған, ал 3 науқас денсаулығына шағымданып, медициналық мекемеге өздері жүгінген екен.
- ПТР талдауының нәтижелері бойынша науқастардың барлығына COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар бірден оқшауландырылып, қазір жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Олармен байланыста болған азаматтар да оқшауланып, коронавирустың бар-жоғын анықтауға зертханалық тексеруден өтуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.