• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

СҚО: Еріктілер мен полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы күш біріктіруде

273 рет
көрсетілді

«Қамқор» еріктілер клубының өкілдері полицейлермен бірге халыққа оңай олжа іздеушілердің қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертетін жадынамалар таратты.

«Қылмыскер әлемнің кез-келген түкпірінде отырып, арам ойын жүзеге асыра алады. Аңқау солтүстікқазақстандықтар алаяқтардың құрығына ОLX, Kolesa.kz сайттарында орналастырылған жалған хабарландырулар, әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар арқылы түсіп жатады, қаскөйлер өздерін сатып алушымын деп таныстырып, сатылуға тиісті зат үшін алдын ала төлем жасау үшін банк карталарының номерін сұрайды», – дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Виталий Подчернин.

Бұдан кейін қаскөй сатушыға хабарласып, телефонына банкіден ақшаның түскенін білдіретін коды бар SMS-хабарлама келетінін және ақша есепшотқа түсу үшін оның номерін растау керектігін айтады. Мұндайда кейде алаяқ өзін банктың қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, біреулер сіздің есепшотыңызға түскелі тұр, оны бұғаттау үшін SMS-хабарламаны растаңыз деп алдайды екен. Бұл SMS-хабарламаны басқан болсаңыз ол сіздің есепшотыңыздан ақша ұрлай алатын көрінеді. 

Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климовтің айтуына қарағанда алаяқтың құрбанына айналмас үшін ең бастысы сақ болу қажет, интернетте қаржы операцияларын жүзеге асырған кезде асығыстық танытпай, әр қадамды ой елегінен өткізген жөн.

Интернет-алаяқтың құрығына түсіп қалған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет. Жыл басынан бері СҚО-да интернет-алаяқтықтың 145 фактісі тіркелді.

Солтүстік Қазақстан облысы