• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Шымкент: Полиция департаменті карантинге қатысты өзекті сауалдарға жауап берді

327 рет
көрсетілді

Еліміздегі қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты карантин шаралары жалғасатынын еске саламыз. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарын мазалаған сауалдарға жауап берді.

- Шымкентке кірер және шығар жолдағы блок-бекеттерден көлік пен жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің өту тәртібі қазіргі таңда қалай жүргізілуде?   - Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталған, дегенмен 25 мамырға дейін қала аумағындағы карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атқаруда. Олар қызметтік планшеттермен автокөліктерді және азаматтарды тексеруде.   - Кімдерге рұқсат берілген?    - «Сергек» блок-пост деректер қорында бар автокөліктер мен азаматтар кедергісіз өтуде, ал базаға тіркелмеген автокөліктер мен азаматтар кері қайтарылуда. Сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін азық-түлік және қажетті заттарды тасымалдайтын жүк автокөліктері кедергісіз өтуде.    - Төтенше жағдай режимі мерзімі аяқталған соң қандай да бір жеңілдіктер қарастырылды ма?   - Аталған бұғаттау бекеттерінде өту тәртібі, шектеулер және талаптар сақталған. Оған қандай да бір өзгерістер енгізілген жоқ.   - Шымкент аумағынан тыс қала, ауданаралық бағытта жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген такси жүргізушілері мен жолаушыларға қандай талаптар қойылады? Оларда қандай құжаттар болуы керек?    - Қаладан тыс және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізушілеріне бұғаттау бекеттерінен өтуге рұқсат берілмеген.     Шымкент