• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Атырау: Тұрғын үйдегі газ жарылысынан төрт адам жарақаттанды

509 рет
көрсетілді

Оқыс оқиға Құрманғазы ауданының орталығында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін, 21 мамырда сағат 9:30 шамасында  Құрманғазы ауылындағы  тұрғын үйде табиғи  газдың  шығуынан жарылыс болып, өрт тұтанды.  Үйдегі жиһаздар мен өзге де заттар өртеніп, жалын шатырды да шарпыды.

Өртті  сөндіруге 20 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Жалпы аумағы  100 шаршы метрге  таралған өрт сағат 10:48-де толық сөндірілді. 

– Оқыс оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті. Атап айтқанда, 56, 22 жастағы ер адам, 51 жастағы әйел және 11 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады төтенше жағдайлар  департаменті.