Тақырыпта айтылған мәлімдемені Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Бах жасады. Яғни, биылғы жылы өтуі тиіс Токио жазғы Олимпиада ойындары ХОК шешімімен өткен наурыз айында келесі 2021 жылға шегерілген болатын.
Бірақ әлемдік спорт додасы пандемия салдарынан келесі жылы да өтпейтін түрі бар. Бұл туралы ХОК төрағасы егерде жазғы Олимпиада келесі жылы да өтпейтін болса, оны күн тәртібінен түбегейлі алып тастау қажет дейді.
Бұл туралы Т.Бах мырза BBC Sport телеарнарнасына берген сұхбатында айтты. Төрағаның пікірінше, әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар мерзімін қайта-қайта өзгерте беру кәсіби спортшылардың дайындығына әсер етері сөзсіз. Бұлай жасау оларға қиянат.