• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Мамыр, 2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

128 рет
көрсетілді

«Worldometers» (Нью-Йорк) ақпарат көзінің соңғы мәліметіне қарағанда әлем бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып, 5 088 473 адамға жетіпті. Бұлардың 6 пайызы, яғни 329 772 адам дерт салдарынан көз жұмған.

Індетке жұқтырудан АҚШ көш бастап тұр. Әлем бойынша дерт жұқтырған адамдардың үштен бірі осы елдің үлесінде. «The New York Times»  газетінің жазуына қарағанда, АҚШ-та 1 591 991 адам дерт жұқтырса, бұлардың 6 пайызы, яғни 94 994 адам қайтыс болған екен.

АҚШ-тан кейінгі індет ошағы ретінде Ресей тіркелген. Мұнда 308 705 адам ауру жұқтырса, 0.96 пайызы, яғни 2972 адам көз жұмған. Келесі індет ошағы – Бразилия. Бұл елде 293 357 жағдай тіркеліп, 18 894 адам шығыны болыпты.