• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Павлодарда өрт қаупі кезіндегі дайындықтар тексерілді

430 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаз басталғалы өрт оқиғалары  көбеюуде. Сондықтан, департамент басшысы Азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов пен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Сүлеймен Бимағамбетовпен облыс орталығында орналасқан өрт сөндіру бөлімдерінің дайындығын тексеруде.

Қаладағы Москва көшесі 56-да орналасқан № 4, Гагарин көшесі 65-те орналасқан № 3 өрт сөндіру бөлімдеріндегі  өрт сөндіру техникасының жай-күйін, қажетті құралдармен жабдықталуын және өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының арнайы киіммен жабдықталуын тексерді.

№ 4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дастан Әбуқұмаровтың айтуынша, өрт сөндіру бөлімінде 4 автоцистерна, 1 өрт сөндіру стансасы, 1 өрт сөндіргіш құбыры бар көлік, 1 мотопомпа, 1 сорғы құбырымен жабдықталған автомобиль, басқа да арнайы  көліктер бар.

Ал өртті сөндіру сынақ зертханасында өрт және жану себептерінің шығуы үшін сараптама жүргізуге арналған аспаптар, жабдықтар  жеткілікті. Бұл зертханада 3 қызметкер жұмыс істейді. Сынақтарға шығуға арналған бір көлік бар.

Сондай-ақ, сынақ өткізуге арналған төрт қондырғы, 2 микроскоп, фото-бейне фиксация құралдары дайын.

Ернұр Өтегенов өрт сөндіру бөлімдері мен өрт сынақ зертханаларының басшыларына анықталған ескертулерді жою бойынша бірқатар тапсырмалар берді.