• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Қостанай облысында жалған құжат жасаған екі полицей ұсталды

456 рет
көрсетілді

Алтынсарин ауданында полиция бөлімінің жедел уәкілдері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған құжат жасады деген күдікпен   қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

Күдіктілер полиция бөліміндегі  ұрлықтарды ашу бөлімшесінің жұмыс нәтижесін асыра көрсету мақсатында сотқа дейінгі тергеу құжаттарында жалған дәлелдер пайдаланған.

-Күдіктілер 13 мамыр күні ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.  Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр, - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч.

 

Қостанай облысы