Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының төртінші курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығуларын орындады. Сабақ институттың оқу орталығы базасында өтті.
«Мен үшін бұл маңызды шара болып табылады. Себебі мұндай сабақтардың нәтижесі бойынша жауынгерлік білімді бағалауға болады. Штаттық снарядпен оқ атқан адамды толықтай танкист деп атауға болады деп бекер айтпайды ғой», дейді төртінші курс курсанты Дәуітбай Заманбек.
Танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығулары курсанттардың жинаған теориялық білімдерінің сапасын ғана емес, курсанттардың ағымдағы және бітіру емтихандары қарсаңында даярлығының жалпы деңгейін тексеруге мүмкіндік берді. Қойылған міндеттерді барлығы дерлік орындалды. Курсанттар штаттық оқ атуды «жақсы» деген бағаға тапсырды.
«Штаттық оқ ату барысында курсанттар мақсатты барлауға кіріспе мен оққа қатысты міндеттерді шешу бойынша өз білімдерін көрсетті. Штаттық атудың нәтижелері курсанттардың нысана жағдайының әртүрлі нұсқалары бойынша жұмыс істеуге бейімделгенін көрсетеді. Сонымен қатар осындай атыстарды өткізу курсанттар үшін өзіндік психологиялық кемелдену емтиханы болады», дейді әскери институттың ату дайындығы кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Асқар Майлыбаев.
Ату даярлығы Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының жауынгерлік даярлық пен далалық машықты жетілдірудегі негізгі пәндердің бірі болып табылады. Ол әскери қызметшілерді кез келген қашықтан жылдам қарқынмен оқты дәл тигізуге үйретеді. Жоғары атыс шеберлігі курсанттардың кәсіби даярлығы мен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі кезінде жетілдіріле түседі.