• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Мамыр, 2020

Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

674 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясына қарасты Чешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров кеше коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен медициналық тікұшақпен Мәскеуге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.  Өйткені, оның сырқат сипаты індетке тап болған ауруларға ұқсайтыны жайлы айтылуда. Бұл туралы BBC корпорациясының орыс тіліндегі қызметі хабарлады.

Жоғарыдағы мәліметті басшылыққа алған өзге де ресейлік ақпарат құралдары Қадыровтың індет жұқтыруы мүмкін екенін жасырмайды. Өйткені, бұл дерт бұған дейін РФ Үкімет басшысы Михаил Мишустин, Мәдениет министрі Ольга Любимова, президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қатарлы лауазым иелерін алып ұрған болатын.

Қазіргі таңда Чешенстанда індетке тап болғандары саны 1000 адамнан асып, дерттен сауыққандар 600 адамды құраса, ал көз жұмғандар саны – 11.

Биыл 43 жасқа толған Рамзан Қадыров 2004 жылы әкесі өлген соң оның орнына таққа жайғасқан еді. Соңғы кездері бұл жігіттің денсаулығы сыр беріп жүргені жайлы бейресми ақпарат тараған болатын.

Интерфакс, ТАСС және РИА Новости бұл ақпараттың әлі де ресми расталмағанын айтады. Ақпарат құралдары дереккөз ретінде Мәскеудің медицина саласындағы қызметкерін көрсеткен.