• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Мамыр, 2020

Батыс Қазақстан облысында тағы 8 адам коронавирус жұқтырған

382 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясы анықталған 3 адам Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram арнасында хабарлады.

- Ресей Федерациясымен шекарадағы Сырым автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, олар карантиндік стационарға жатқызылды. Сонымен қатар, 5 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша барлығында COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Қазір эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған жалпы 360 адам тіркелді.