• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Мамыр, 2020

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басты назарда

461 рет
көрсетілді

Елдегі төтенше жағдай кезінде Президенттің Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыттарын қайта қарап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударды. Бұл туралы брифингте Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз таратылуы онлайн режімде қамтамасыз етілді. Республика бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстары әлеуметтік желілерге (facebook, instagram) бағытталған, ақпараттық-ағарту штабының (бұдан әрі – ААШ) ресми парақшалары ашылып, онда апта сайын штаб мүшелерінің үндеулері жарияланды. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша 193 мың адамды қамтыған 581 тікелей эфир ұйымдастырылды.

Республикалық ақпараттық-ағарту штабының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 сәуірі мен 1 мамыры аралығында республикада алғаш рет онлайн режімде «ANTIKOR айтыс» өтті. «ANTIKOR айтысқа» республиканың әр аймағынан 16 суырып салма ақын қатысты, олардың арасында халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Көрермендер байқауды штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тамашалады. Байқаудың нәтижесі 1 мамырда онлайн дауыс беру және әділқазылар алқасының пайыздық үлестері арқылы шығарылды.

Агенттіктің «Adal kómek» жобасы аясында төтенше жағдай жарияланғаннан бері шамамен 500 мыңнан астам адамды қамтыған 250-ге жуық тікелей эфир таратылды.  Қазіргі уақытта жоба кураторы, танымал заңгер, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі, адам құқықтары жөніндегі сарапшы Айман Омарованың жекелеген аймақтардың тұрғындары үшін жеке заңды кеңестері жоспарға сәйкес апта сайын өткізіледі.

«Antikor.Live» жобасының аясында төтенше жағдай кезінде Агенттік пен оның аумақтық департаменттері, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселері танымал әлеуметтік желілерде 900 тікелей эфир ұйымдастырып, олардың қаралымы 700 мыңға жетті.

Сапалы контент пен нақты ақпаратты тарату үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен түрлі сала мамандарының арасынан 722 сыртқы сарапшы-спикерлер шақырылды.

Агенттіктің арнайы мониторинг тобы (бұдан әрі – АМТ) қоғамдық институты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктердің бірі болып саналады. Төтенше жағдай кезінде АМТ тосқауыл бекеттердің карантин талаптарын сақтауына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырды. Бұл жұмыс азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған жүк тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жүзеге асырылды. Бұл жұмыстардың барлығы әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.

Барлық аймақтарда әлеуметтік маңызды нысандарда қажетті тауарларға және олардың бағасына мониторинг жүргізілді. Сонымен бірге, қоғамдық белсенділер эпидемияға қарсы іс-шараларды қолдауға бөлінген қаржының жұмсалуына, сондай-ақ коронавируспен күресуге қажетті дәрі-дәрмектер мен жабдықтарды сатып алуға қоғамдық бақылау жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының АМТ мүшелері мен жергілікті кәсіпкерлердің араласуынан кейін медицина қызметкерлерінің облыс орталығының қонақ үйлерінде тұру мәселесі оң шешімін тапты.

Қоғамдық пікірдің көшбасшылары ретінде АМТ мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету бойынша көптеген қайырымдылық жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам отбасы төтенше жағдай кезінде азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Республикалық АМТ мүшесі Р.Кибке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы карикатура» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған онлайн суреттер байқауын өткізді. Қазіргі уақытта инстаграм әлеуметтік желісінде онлайн дауыс беру жүріп жатыр. Бұл тәжірибені таратуды ұсындық.

Сонымен қатар, АМТ-нің республикалық және аймақтық құрылымдары үнемі тіклей эфирге шығып, карантин кезіндегі әрекеттердің алгоритмдерін түсіндірді және халыққа құқықтық көмек көрсетті. Олардың ішінде белсенді блогерлер мен сарапшылар, мысалы, Т.Бердоңгар, Р. Ошақбаев, Р. Гасанов, А.Ассанди, Б. Базарбек, А. Жексен және басқалар бар.

COVID-19 пандемиясының таралуына және елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыруда әкімшілік кедергілерге тап болды. Мәселен, өңірлерде азаматтардың қатысуымен автомобильдердің облыстық маңызы бар қалаға (ауданға) кіруі мен шығуын бақылайтын тосқауыл бекеттер орнатылды.

Өңірлерде кәсіпорындар өз автокөліктері мен жұмысшыларын тіркей алатын жүйелер іске қосылды, бірақ бұл жүйені жүзеге асыруда қиындықтар туындады. Бұл мәселе «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында шешімін тапты. Мәселен, Алматы қаласындағы «JPL2» IP (тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысады), «Policonnect» ЖШС (тұтынушылық тауарларды қалааралық жедел тасымалдаумен айналысады), «INVAMED» ЖШС (медициналық жабдықтар, медициналық төсектер мен медициналық жиһаздар өндірумен айналысады), Қарағанды облысында «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС (иммунобиологиялық, биофармацевтикалық және түпнұсқалық дәрі-дәрмектер өндірісіне мамандандырылған), «Қарағанды қаласын залалсыздандыру» ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысында «Голуб» ЖК (нан-тоқаш өнімдері) жоғарыда аталған тіркеу жүйесінде мәселелерге тап болды. Осыған орай, кəсіпорындар агенттіктің аумақтық департаменттеріндегі «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» аймақтық жобаларына жүгініп, өз мәселелерін тез шешті.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы аясында облыстарда 1700 жуық «open space», фронт кеңселер және сервистік әкімдік ашылды.

Жалпы 855 – «open space», 584 фронт-кеңселер, 253 қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктерде сервистік әкімдік ашылды. 2020 жылы 176 – «open space», 79 – фронт-кеңселер, 83 – қалалық, аудандық және ауылдық әкімдіктерде сервистік әкімдік ашылды.

Көш бастап келе жатқан әкімдіктер: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстары.

Өзара әрекеттесудің онлайн форматы аясында орталық аппарат дейгейінде «Antokоrnews» жаңалықтар бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде 8 шығарылым шықты. Сондай-ақ, 9 онлайн брифинг пен 30 онлайн сұхбат ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, бұл іс-шаралардың бейнежазбасы әзірленіп, өңделген бейнежазба агенттіктің ресми YouTube-каналына орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында таратылды.

Аталған іс-шараларға танымал тұлғалар қатысты. Агенттіктің қоғаммен жұмысының тиімділігі азаматтардың агенттікке жолданған алғыс хаттарымен расталады. Алғыстар кәсіпкерлерден, мемлекеттік қызметшілерден, квазимемлекеттік сектордың өкілдерінен, оқытушылардан, студенттерден және басқа азаматтардан түсуде.

2019 жылдың шілдесінде үш жыл бойы тұрғын үй кезегін қалпына келтіруді іздеген және сот шешімдерін орындамау фактілеріне тап болған астаналық тұрғыннан хат келді. Бір айлық тексеруден кейін оның кезегі қалпына келтіріліп, пәтерге қол жеткізді.

2019 жылдың 15 мамырында агенттік төрағасының жеке электрондық поштасына ведомство қызметкерлерінің төрт студентке шетелде оқуға грант байқауына қатысу құқығын қалпына келтіруге көмектескені туралы хат келді.

Агенттікке шетелдік компаниялардың өкілдері де жүгінуде

2019 жылдың қыркүйегінде агенттікке шетелдік инвестордан ризашылық хаты келді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері салық органдарының жалпы сомасы 353 млн теңгеден асатын кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдарды дұрыс есептемеуі мәселесін шешуге көмектесті.

Кері байланыс аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа тап болған қоғамдық бірлестіктерден келеді. 2018 жылдың қазан айында Ақмола облысының бір ауылының ардагерлері атынан хат келіп түсті. Ардагерлер жергілікті әкімшіліктің ауылдар арасындағы жолды жөндеуге бөлінген 289 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын басқа мақсаттарға игергенін жазған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы іске араласуынан кейін  жол жөндеу жұмыстары іске қосылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтардың сенімі – тиімділікті бағалаудың басты өлшемі. Сондықтан, агенттікке өз мәселелерін шешуге сенім білдірген азаматтардың өтініштері, сондай-ақ олармен кері байланыс агенттік қызметінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының нәтижесінде жыл сайын өтініштер саны артып келеді. 2016 жылы 18 608 өтініш, 2017 жылы – 20 352, 2018 жылы – 22 097, 2019 жылы – 26 866 өтініш түсті.

Агенттіктің араласуының арқасында мұндай даулы мәселелер үнемі шешімін тауып отырады. Ведомство азаматтарға білдірген сенімдері үшін алғыс білдіреді және барлық сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласуды сұрайды.