• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Мамыр, 2020

Үндістан мен Бангладеште Амфан циклоны салдарынан 84 адам қайтыс болды

277 рет
көрсетілді

Табиғи апат салдарынан Үндістанда 72 адам, Бангладеште 12 адам көз жұмды. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Қуаты күшті Амфан циклоны салдарынан Үндістанның Калькутта қаласында ағаштар құлап, үйлер толығымен қираған. Жолдарды су басып, 14 млн халық электрсіз қалыпты.

Желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырымға дейін жеткен. Жағалаудағы аудандарда толқынның биіктігі бірнеше метрді құраған. Бұл соңғы 15 жылдағы ең сұрапыл дауыл саналады.  

Белгілі болғандай, екі елдің 3 миллион тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Кейбір тұрғындар коронавирус індетіне байланысты эвакуациядан бас тартқан. Себебі қазір көптеген уақытша баспана болатын орталықтарда коронавирус науқастары жатыр. Сол себепті адамдарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде қиындықтар болған.