Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.
«2020 жылдың 18 мамырынан бастап мектепке дейінгі ұйымдар меншік түріне қарамастан «кезекші топ» режимінде, бірінші кезекте, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін және ата-аналардың қалауы бойынша күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын қайта бастады. Мектепке дейінгі ұйымдарға дайындыққа қатысатын балалар 1 тамызға дейін балабақшаларға барады», - деді білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.
Шолпан Қадырова 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланып отырғанын айтты.