• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Мамыр, 2020

Түркияның шығысында жер сілкінді

160 рет
көрсетілді

Тунджели түрік провинциясының Пюлюмур ауданында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою басқармасы (AFAD) сайтының деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 06.21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 12 км тереңдікте орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен апат салдары жайында ақпарат жоқ.