• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Технология 22 Мамыр, 2020

Facebook қызметкерлерінің тең жартысы үйден жұмыс істеуі мүмкін

319 рет
көрсетілді

Алдағы 5-10 жылда компания қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істейді. Бұл туралы Марк Цукерберг Facebook парақшасында хабарлады.

Алғашқы кезеңде компания қашықтан жұмысқа қызметкерлерді Facebook кеңсесі жоқ АҚШ қалаларынан қабылдайды. Жұмысқа жаңадан кірген қызметкерлерге команда басшысының рұқсатымен үйден жұмыс істеу ұсынылады. Қазіргі таңда Facebook-тің жұмыс істеп жүрген қызметкерлері пандемия аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс форматына көше алады. Бірақ ол жұмыс сапасының көрсеткіштеріне байланысты болмақ.

Алдымен компания үнемі үйден жұмыс істеуге рұқсат береді. Егер олар көшкісі келсе, онда ол туралы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін хабарлауы тиіс.

«Жаңа тұрғылықты жеріне байланысты қызметкерлердің жалақысы мен өтемақылары өзгеруі мүмкін — бұл салық және есеп үшін қажет», деп түсіндірді Facebook басшысы.

Компания басшысы қызметкерлер көшу туралы шешімдерін жасырған жағдайда соңы жақсылыққа апармайтынын ескертті.

Сондай-ақ компания қашықтан жұмыс істейтін жаңа қызметкерлердің қатарын көбейтуді жоспарлап отыр. Мұндай жұмыс орындарын құру туған қаласынан жұмыс үшін көшкісі келмейтін таланттарды тартуға мүмкіндік бермек.

Қазір Facebook қызметкерлерінің 95%-ы қашықтан жұмыс істейді. Компанияда жүргізілген сауалнама бойынша, 50% қызметкер  «үйінде де жұмыстағыдай белсенді жұмыс істейтінін» айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 75%-ы қашықтан жұмыс форматына ауысса, тұрғылықты жерін ауыстыруға дайын екенін айтты. Статистика деректері бойынша 2019 жылы Facebook-те 44,9 мың адам жұмыс істеді.