Халықтық асыл қасиеттеріміздің бірі – жомарттық. Бүгінгідей күрделі кезеңде аталған қозғалыстың ауқымы да кеңейе түскені ғанибет.
Жуырда «KazBeefLTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы өздерінің жалпы жиналысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында 2 миллион 730 мың теңге қаржы бөлді. Ауданның 47 елді мекеніндегі 195 тұрғынға азық-түлік себеттері мен шаруашылық заттарын айрықша құрметпен үлестіріп берген. Ал Олжас Қияқбаев басқаратын «Семізбай-U» ЖШС кеншілері де ауыл тұрғындарына осындай сый-сияпат жасап, ризашылықтарын алып отыр.
Халқымыз «Жомарттық – жүрек жылытады» дейді. Ақ алғыстың астарында көп қайтарым бар. Еліміз осылайша көркейе түспек!
Ақмола облысы