• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2020

Қуғын-сүргін құрбандары жайлы жаңа кітап жарық көрді

1139 рет
көрсетілді

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы сыр шертетін жаңа кітап ғылыми-танымдық үлгіде басып шығарылған. Архивтен жинақталған құнды 75 құжат 4 бөлім арқылы орналастырылған.    

Бірінші бөлімде 20 ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы уездік революциялық комитеттер қорларының, атқарушы Кеңес жұмысшыларының, шаруалары мен депутаттарының, куәгерлердің саяси репрессия жөніндегі құжаттары енгізілген. Сондай-ақ, діни қызметкерлер мен мешіттерге қатысты жүргізілген саяси репрессиялық шаралар жайында сөз етілген архив құжаттары да басылған.

– Жинақтың екінші бөлімінде, ұлттық белгіге қарай репрессияға ұшырағандар жайлы жазылған. Олардың қатарында поляктар, немістер, қарашайлар, болгарлар, шешендер, ингуштар мен қырымдық татарлар бар. Бұлардың барлығы Отанын сатқан деп есептеліп, жер аударылған. Үшінші бөлімде «Сталиндік репрессия» жайында архив құжаттары енгізілді. Яғни, 30-50 жылдардағы сталинизмдік саяси құрбандар жайында сөз етілген. Ал, төртінші бөлімде, қуғын-сүргінге ұшырағандардан қалған естеліктер, жеке хаттар, күнделіктер мен фотосуреттер енгізілген,–дейді облыстық мемлекеттік архивтің бөлім жетекшісі Назира Исенова. 

20-шы ғасырдың қасіретті оқиғасын растайтын жинақтағы бұл құнды құжаттар бүгінде өңір тарихшылары мен зерттеушілері үшін қолжетімді. Сондай-ақ, жаңа кітап тарихта ізі қалған «ақтаңдақтар» жайлы білгісі келетін қалың оқырманға да арналады.