• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2020

Ақмолада өрт салдарынан бір адам қаза тапты

172 рет
көрсетілді

Өртке темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы  төтенше жағдайлар департаменті  бастығының  орынбасары  Манарбек  Шапағатов  мәлімдеді. Өрт Митченко көшесінде орналасқан екі қабатты үйден шыққан. Қаза тапқан адам 1958 жылғы азамат, сол пәтердің иесі.    

Өрттің шығуына негізгі болжам бойынша ер азамат темекі тартқан соң, қауіпсіздік шарасын сақтамауы себеп болғанға ұқсайды. Қазір техникалық сараптама тағайындалды. Ер азаматтың мүрдесі сот-медициналық сараптамасына  жіберілді,–дейді Манарбек Шапағатов.

Сондай-ақ, бүгін таңғы сағат сегізде Көкшетауда Абылай хан даңғылындағы 20-үйдің бірінші подъезі түтінге оранды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығуына жертөледегі электр сымдарының тұйықталуы себеп болған. Әуелі жоғары қабаттағы пәтердің бірінде су құбыры жарылыпты. Өрт сөндірушілер 22  адамды эвакуациялады. Оның төртеуі – бала.