Коронавирустық карантин кезінде Бурабай ауданының «сервистiк әкiмдiгi» жұмыс істей бастады.
Бұдан былай ауданның тұрғындары құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылық, бiлiм беру және әлеуметтiк салаларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша ала алады. Сонымен қатар, аудан әкiмi мен оның орынбасарлары «Оpen space» форматындағы кабинетте апта сайын азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Азаматтарды қабылдау, кеңес беру және мемлекеттiк қызметтердi көрсету онлайн режимде жүргiзiлуде.