Алматы облысының Қарасай ауданы аумағындағы теміржол бойында апат болды. Жармұхамет ауылындағы өткелде жүк көлігі мен дрезина соқтығысып қалған.
- Оқиға бүгін таңғы сағат 8 шамасында болған. «MAN» маркалы жүк көлігі арғы бетке өтпек болғанда, оған теміржолмен келе жатқан дрезина платформасы соғылған. Апаттан адамдардың өміріне қауіп төнген жоқ. Дене жарақаты да тіркелмеген. Қазір полиция тергеу, анықтау жұмысын жүргізуде, - деп хабарлады Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Тәліпов.