Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай билігі COVID-19-бен күресу үшін қаражат жинайтын қайырымдылық бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram арнасында хабарлады.
- Қайырымдылық қоры Tencent Foundation, Alibaba Foundation, Alipay Foundation секілді 20 қытай интернет-платформасы арқылы жәрдем қаражатын жинайды. ДДҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус CPWF қорының ДДҰ-ның COVID-19 пандемиясымен жаһандық күресте көрсетіп жатқан қолдауын жоғары бағалады. Сонымен қатар ол Қор ұйымның адамдардың өмірін құтқару жолындағы күш-жігеріне тікелей үлес қосып жатқан жекелеген компаниялар мен тұлғаларды көтермелейтінін атап өтті, - делінген хабарламада.