Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды тапсырдық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса, әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастыратын боламыз», - деді Б.Мамыталиев.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су басып өткен аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқтап, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.
«Үйімізді арнайы әлеуметтік қордан салып беретінін естіп, қуанып қалдық. Жергілікті билік қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Төтеншеліктер мен әскер қызметкерлері де тәулік бойы жұмыс атқарып аулалар мен көшелерді тазартуда»,- деген ауыл тұрғындары қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып жүрген барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.
Шымкент